|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы, 2 тармағы, 7-3) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми түрде жарияланғанынан соң Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, 1-тармақ 2022 жылғы 1 желтоқсандан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев
|