Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы

 Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс

       Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
  5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

Президенті

Қ. Тоқаев




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы
Дата публикации
22 сентября 2022