«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Абай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қоса беріліп отырған Абай облысында жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Абай облыстық
мәслихатының хатшысы
Шешіміне қосымша
Абай облысында жануарларды асырау қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер
- Осы Абай облысында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңынасәйкес әзірленді және Павлодар облысында жануарларды асырау тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
- Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
2) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
3) жабайы жануарлар – табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;
4) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;
5) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;
6) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
7) қаңғыбас (қараусыз) жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары;
8) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.
2 тарау. Жануарларды асырау тәртібі
- Жануарларды асырау, өсіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы «Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру қағидаларын бекіту туралы» № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
- Жануарларды қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, тұрғын ғимараттардан, мектептерден, медициналық және мектепке дейінгі мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану мекемелерінен, сауда және азық-түлік өнеркәсібі мекемелерінен, демалу орындарынан, балаларды сауықтыру ұйымдары мен шипажайлардан, жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан, су көздерінен қашықта орналасқан арнайы жабдықталған ғимаратта асырайды.
- Елді мекеннің ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілде құс иелері құстарын жұқпалы ауруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін жабайы құстармен қатынасты болдырмайтын жабық орындарда асырау керек.
- Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, су бұрқақтарда, су қоймаларында және су бөгеттерінде суаруға жол берілмейді.
- Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі «Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту турал» № 16-07/307 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) сәйкес жойылуға жатады.
- Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген жануарлар қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады. Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабынасәйкес айқындалады.
- Жануарларға қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» № 16-02/701 бұйрығыменбелгіленген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген).
- Жануарларды асыраудың міндетті шарты болып аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.
- Жануарлар иелері, жануарлар науқастанған немесе ауруға күдікті туындаған барлық жағдайда ветеринарлық мекемеге хабарласып, тексеру нәтижелері бойынша маманның нұсқауын мүлтіксіз сақтауы қажет.
- Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай, жануарларды өткiзу үшiн союға жол берілмейді.
- Диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 «Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) сәйкес карантиндеу жүргізіледі.
- Жануарларды сату, әкелу және әкету ветеринариялық паспорт негізінде ветеринариялық құжатты рәсімдеген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
- Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінен тыс жерге орнын ауыстыру (тасымалдау) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11845 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11898 болып тіркелген), бұйрығынасәйкес ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді.
- Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.