Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 41 қаулысы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

   

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Семей таңы» мен «Вести Семей» облыстық газеттерінде жариялансын.

 

 

Төраға

Г. Жігітбаева

 

 

Хатшы

Б. Төкенов

 

 

Дата публикации
13 октября 2026