Абай облысының «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Абай облысының «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

"Абай облысының «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы" 

мәслихат шешімі 

 

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

"Абай облысы мәслихатының аппараты" ММ

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасы, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) бұйрығы 

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Абай облысының «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Мақсаты – елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Мерзімі – алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе басқа да салдарға әкеп соқтырмайды.

 

Абай облысының «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
31 августа 2026