Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) – қазақтың ұлы жазушысы, драматург, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор әрі Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

Мұхтар Омарұлы 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей өңірі, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі мекенінде дүниеге келген. Жас кезінен халық ауыз әдебиеті мен Абай өлеңдерін жаттап өскен ол Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіріп, кейін Ленинград мемлекеттік университетінде білім алған, жас кезінен-ақ «Алаш» қозғалысына белсене араласты. 1917 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының дастаны негізінде жазған «Еңлік-Кебек» пьесасы қазақ сахна өнерінің алғашқы қарлығашы болды.

Қайраткердің өмір жолындағы маңызды кезеңдердің бірі – 1920–30 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі мен ғылыми ізденістері. Смағұл Сәдуақасұлы 1921 жылғы Семей оқиғасы. Қазақ автономиясын мойындағысы келмеген Семей губерниялық атқару комитетінің әрекетіне қарсы шығып, Қазақ автономиясына тікелей бағынатын жаңа губком құрды. Негізгі ұлт – қазақтарды билік басына тартып, Семей аймағының Қазақстан құрамына толықтай қосылуына мұрындық болды. Бұл қызметте жүргенде уақытша төрағалық етіп, кейін бұл тізгінді Мұхтар Әуезовке тапсырды. Оның қарымды қаламгер ғана емес, қабырғалы қайраткер болып қалыптасуы осы Семей кезеңімен тікелей қатысты екені баршаға белгілі.

Сонымен қатар, Мұхтар Омарханұлы «Абай» ғылыми-көпшілік журналының негізін қалап, Семейдегі қазақ бөлімдеріне басшылық етті. Алаш зиялыларымен бірге қысымға ұшырағанына қарамастан, өмірінің соңына дейін ғылым мен әдебиетке адал қызмет етті. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайлануы оның ғалым ретіндегі биік мәртебесін айғақтайды.

М. Әуезовтің әдеби мұрасы – қазақ халқының мақтанышы. «Қорғансыздың күні», «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» секілді прозалық туындылары әдебиетіміздің алтын қорына енді. Ал жазушының бүкіл шығармашылық ғұмырының шыңы – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл туынды қазақтың болмыс-бітімін әлемге паш етіп, Лениндік сыйлыққа ие болды және дүниежүзі әдебиетінің жауһары ретінде мойындалды.

 Өмірінің соңына дейін әділдік пен халық мүддесін ту еткен Мұхтар Әуезов 1961 жылы Мәскеуде дүниеден өтті. Оның есімі мен өшпес мұрасы бүгінгі қазақ баласы үшін ұлттық рухтың, терең білім мен мәдениеттің жарқын үлгісі болып қала береді.

 

 

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961)
Дата публикации
23 августа 2026