2026 жылдың 1 сәуіріне халық саны: 594,3 мың адам, оның ішінде қалалық – 374,3 мың адам (62,9%).
Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 320 ауылдық елді мекен.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі – 102,8%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 76,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,1%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 49,9 мың бірлікті көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 111,0 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 119,4%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 34,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі –105,8%.
42,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жұмыспен қамту. 2026 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны 95,4 мың адамға жетті немесе экономикалық белсенді халық санының 31,5% құрады.
2026 жылдың 1 тоқсанында орташа жалақы 405 425 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,2% жоғары.
Инфляция 103,4% құрады, оның ішінде азық–түлік тауарларына – 103,5%.
Бюджет. Мемлекеттік бюджетке 260,9 млрд теңге салықтар мен міндетті төлемдер түсті (республикалық бюджетке – 200,8 млрд теңге, жергілікті бюджетке – 60,1 млрд теңге).