2024 жылдан бастап Абай облысында жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық технологиялар бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл бастамалар өңір жастарының IT саласындағы құзыреттілігін арттыруға, инновациялық ойлау қабілетін дамытуға және заманауи технологияларды меңгеруіне кең мүмкіндік беруде.
Жасанды интеллект және білім беру бастамалары:
Alikhan Bokeikhan University базасында ASSYLTAS қоғамдық қоры бастамасымен «Assyl AI» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – жастарды жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына үйрету. Жоба аясында облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің 100 студенті IT саласының жетекші мамандарынан білім алуда. Сонымен қатар қатысушыларға арналған тәлімгерлік бағдарлама да қарастырылған.
Робототехника саласындағы жетістіктер:
RO-ALEMI робототехника орталығы балалар мен жасөспірімдерге арналған робототехника бағытында табысты жұмыс жүргізуде. Орталық қатысушылары халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті:
100 команда арасынан 1-орын иеленіп, жалпы есепте жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер өңір жастарының инженерлік және техникалық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.
IT-стартаптар және халықаралық жетістіктер:
Қазақстандық әзірлеушілер жасаған Aleem қосымшасы қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болды:
Қосымша жасанды интеллект арқылы оқыту жүргізеді және толықтай тегін ұсынылған. Ол сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей нарықтарында жоғары орындарға ие болды.
Жоба командасының негізгі әзірлеушілерінің бірі – Абай IT мектебінің 11-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев.
Халықаралық байқаулардағы жеңістер:
Мемлекеттік қолдау және гранттық бағдарламалар:
Абай облысы әкімінің қолдауымен «GovTech» саласында гранттар байқауы ұйымдастырылды. Жалпы бюджеті 30 млн теңгені құрады, оның 29 млн теңгесі өңірлік стартаптарды қолдауға бағытталды.
Жеңімпаз 10 жоба 2–3 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Олардың қатарында:
SanEduPortal – санитарлық-гигиеналық оқытуды онлайн форматқа көшіру
Стратегиялық даму:
Abai IT-Valley 2026 жылға дейін:
100-ден астам IT-резидент тартуды, 50-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Бұл өңірдің IT-экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
«Ақылды қала» жобалары:
Семей қаласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылды:
109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардың өтініштерін қабылдап, өңдейді.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап интернет-алаяқтыққа қарсы «Анти Call-орталығы» іске қосылды. Жүйеге жасанды интеллект енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бұл өтініштерді өңдеу жылдамдығын арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қаладағы 10 000-нан астам жарық нүктесінің 72%-ы автоматтандырылған. 7659 шам жаңартылды
Жасанды интеллект арқылы контейнерлердің толуын және түтін шығуын автоматты анықтау пилоттық режимде іске қосылды.
SanEduPortal – санитарлық-гигиеналық оқытуға арналған ұлттық цифрлық платформа.
Жобаның негізгі мүмкіндіктері: Онлайн оқыту және тестілеу, білімді автоматты бағалау, қызметкерлердің бірыңғай деректер базасын қалыптастыруБұл платформа еліміздің санитарлық қауіпсіздік инфрақұрылымын цифрландыруға бағытталған.