Абай облысының жергілікті атқарушы органдарына 2026 жылдың бірінші тоқсанында 12 003 өтініш келіп түсті.

Тіркелген өтініштердің ішінде білім беру саласына қатысты өтініштер басым – 1,87 мың (15,56%). Тұрғын   үй-коммуналдық шаруашылық саласына (аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын салу, елді мекендерді көгалдандыру, электр энергиясымен, сумен және жылумен қамтамасыз ету) қатысты – 1,18 мың өтініш (9,86%), ал жер қатынастары және жер пайдалану мәселелері бойынша 1,02 мың өтініш (8,49%) тіркелді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыста 271 қабылдау өткізіліп, 806 адам қабылданды.Облыс әкімі аппараты 13 қабылдау өткізіп, 136 адамды қабылдады. Қалалар мен аудандардың әкімдері және облыстық басқармалар тарапынан 258 қабылдау өткізіліп, 670 адам қабылданды.

Азаматтарды қабылдау туралы ақпарат облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде жарияланып отырады.

 

 

Абай облысының жергілікті атқарушы органдарына 2026 жылдың бірінші тоқсанында 12 003 өтініш келіп түсті.
Дата публикации
05 мая 2026