Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Қосымша

 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бойынша ШОБ субъектілерінің саны 51,9 мың құрады. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша: ШОБ субъектілеріндегі ЖӨӨ үлесі 18,4% құрады (2024 жылы 18,2%), ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 104,8 мың адам. ШОБ субъектілерінің өнімі 1 трлн. теңгені құрайды.

2022 - 2024 жылдар аралығындағы кезеңнің қорытындысы бойынша мемлекеттік субсидиялау және кепілдік беру бағдарламалары облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтарлықтай арттырды, мысалы: жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 935 бірлікті, ШОБ субъектілерінің жалпы қосылған құны
233,1 млрд. теңгені құрады. (Республика бойынша жалпы соманың 1,2%-ы, ЖӨӨ-ге ШОБ үлесі 18,24%), 39,2 млрд.теңге сомасында салық түсімдері қалыптасты.

2025 жылы «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қыркүйектегі
№754 қаулысы шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге Республикалық Бюджеттен (Әрі қарай - РБ) 7,1 млрд теңге (8,1 млрд субсидияға, 227 млн кепілдікке) бөлінді, Жергілікті Бюджет (Әрі қарай - ЖБ) қаражатынан - 660 млн теңге. (субсидиялау 550 млн теңге., кепілдік 110 млн тг.).

2025 жылы «Даму» КДҚ» АҚ (Әрі қарай -  Қор)  12,8 млрд теңге несие сомасына 135 субсидия шартына қол қойды (оның ішінде 550 млн теңге субсидия) және 4,6 млн теңге сомасына 71 кепілдік.

Анықтама: 2024 жылы «Даму» Қоры 17,8 млрд сомаға 467 жобаны субсидиялады және
7,8 млрд сомаға 311 жоба бойынша кепілдіктер берді.

2025 жылға гранттық қаржыландыруға ЖБ-тен 110 млн теңге бөлінді.
Kezekte.kz сайты арқылы құжаттарды қабылдау жүзеге асырылып 42 жоба келіп түсті. Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 110 млн теңге құрайтын 24 жоба мақұлданды.

Анықтама: 2024 жылы 105 млн теңгеден бөлінді. (ЖБ), Kezekte.kz сайты арқылы құжаттарды қабылдау жүзеге асырылды, 29 жоба келіп түсті. Конкурстық комиссияның нәтижелері бойынша 23 жоба мақұлданды.

 «Қамқор» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы үшін 2025 жылы ЖБ-тен 330,7 млн теңге бөлінді, Даму қоры 330,7 млн теңге бөлді. 2025 жыл қортындысы бойынша 491 млн теңге сомаға 27 жоба қаржыландырылды.

Анықтама: (2024 жылы 1,1 млрд теңге сомасына 38 жоба қолдау тапты. 2023 жылы осы бағдарлама аясында 722,5 млн теңгеге 15 жоба қаржыландырылды).

Сондай-ақ, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2025 жылы екі отырыс өткізілді, онда Өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауын 15 жоба алды.

Анықтама: 2023 жылы 2 отырыс өткізілді, онда 7 жоба мақұлданды. Бүгінгі таңда 2 жоба («Мәуліт» ШҚ 32,4 млн теңге. «Диана» ШҚ 44,6 млн тг.) ЖБ-тен қаржы алды, мердігер жұмыстарды аяқтады. 2024 жылы 5 жоба 1,2 млрд теңгеге мақұлдау алды, бюджеттік өтінімдер ҚР ҰЭМ-ге жіберілді).

Сондай-ақ, қаржылық емес қолдау шараларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Облыста жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істейді. Облыс құрылған сәттен бастап арнайы комиссияның 15 отырысы өткізілді, 145 өтінім қаралып, 104 жобаға комиссияның оң қорытындысы берілді.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы
Дата публикации
30 апреля 2026