«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі 1–қосымшаға сәйкес;
2) өкілдік шығындардың нормалары 2 – қосымшаға сәйкес бекітілсін.
|
Абай облысының әкімі |
|
Б. Уәли |
Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы «03» сәуірдегі
№ 56 қаулысына
1-қосымша
Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормалары
Өкiлдік шығындарға:
1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жайды жалға алу;
2) ресми таңғы ас, түскi ас, кешкi ас, фуршеттер, кофе-брейктер;
3) аудармашылардың қызметтері;
4) автокөлiкпен қызмет көрсету жатады.
5) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алуға;
6) облыстың әкімі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.
1) іс-шараны өткізу қажеттігінің негіздемесі;
2) ресми делегация келуінің бағдарламасы;
3) іс-шара жоспары;
4) қатысушылар саны туралы деректер;
5) өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес шығындардың әрбір бабы бойынша есептерімен шығыстар сметасы және шығындар көлемін растайтын құжаттар (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құнын көрсету арқылы шығындар калькуляциясы, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын ұйымдардың деректемелері, прайс-парақтар және өзге де құжаттар);
6) шығындар сметасы бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті атқарушы органның қорытындысы.
1) іс-шараны өткізу үшін негіздеме, осы тәртібінің 5-тармағы, 2) және 4) тармақшаларында қарастырылған шығыстар сметасы мен құжаттар;
2) қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;
3) шығыстар сметасы бойынша нақты шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген түбіртектер, есепшот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері).
Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы «03» сәуірдегі
№ 56 қаулысына
2-қосымша
Өкілдік шығындардың нормалары
|
р/с № |
Шығындардың атауы |
Құны теңгемен |
|
1. |
Қабылдаулар өткізуге шығындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, фуршеттер) делегациялар үшін күніне бір адам есебінен саналады |
8 АЕК-ке дейін 1 адамға «жоғары деңгейде» 10 АЕК-ке дейін |
|
2. |
Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Президенті қатысуымен келген ресми делегацияларға, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Парламенті төрағаларына, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарына, ҚР Сыртқы істер министрі және шетел делегацияларына, ҚР Мемлекеттік хаттамасында қарастырылған қабылдауларды өткізуге және басқа да ресми сапарлармен келген тұлғаларға арналған шығындар, (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) бір отырыста бір адамға шаққанда |
10 АЕК-ке дейін |
|
3. |
Ауызша синхронды аударым қызметінің ақысын төлеу (сағаттық төлем есебінен) |
Мемлекеттік тілден орыс тіліне және кері бағытта 5 АЕК-ке дейін Еуропалық тілдерден (ағылшын, француз, неміс, испан, итальян) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне 6 АЕК-ке дейін Шығыс тілдерден (түркі, араб, парсы,қытай, корея, жапон) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне 8 АЕК-ке дейін Басқа сирек тілдерден (жоғарыдағылардан өзгеше) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне 8 АЕК-ке дейін |
|
4. |
Көлік шығындарын төлеу (сағаттық төлем есебінен)
|
Жеңіл көліктер – 1,6 АЕК-ке дейін Шағын автобустар – 1,8 АЕК-ке дейін автобустар – 2,1 АЕК-ке дейін (іс-шараның деңгейіне қарамастан) |
|
5. |
Конференциялар, іс-шаралар өткізу үшін үй-жайды жалдауға күніне 1 шаршы /метріне |
2 АЕК-ке дейін |
|
6. |
Іс-шараларды өткізу орнын салтанатты безендіру шығыстары (тірі гүлдермен безендіру), 1 текше/ метріне |
40 АЕК-ке дейін |
|
7. |
Шетел делегацияларына және басқа да ресми тұлғаларға кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алуға, бір адамға шаққанда |
Ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша |
|
8. |
Басқа шығыстар
|
Ұсынылған баға ұсыныстарының ең төмен құны бойынша |
Ескерту: