2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында Абай облысында 27 шілде мен 14 тамыз аралығында облыстың 2 қаласы мен 10 ауданында орналасқан 429 (ашық) сайлау учаскесінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.
Негізгі назар сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығына және мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы әрі кедергісіз жағдай жасауға аударылды.
Мониторинг жұмысына облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, әлеуметтік қорғау саласының мамандары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Тексеру барысында сайлау учаскелеріне кедергісіз қолжетімділік, пандустардың, тұтқалардың және кіреберіс жолдардың талаптарға сәйкестігі, арнайы автотұрақ орындарының болуы, тактильді жолақтар мен навигациялық көрсеткіштердің орналасуы, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған ақпараттық құралдардың болуы, мүгедектігі бар адамдарға арналған дауыс беру кабиналарының жабдықталуы, ақпараттық стендтердің қолжетімділігі, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетуге дайындығы бағаланды.
Облыста әрбір азаматтың сайлау құқықтарын толыққанды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жүйелі түрде қалыптастырылуда.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бұрыштарда сайлау, сайлаушылар тізіміндегі деректерін тексеру және дауыс беру тәртібі туралы ақпараттық және бейнематериалдар орналастырылған.
Жүргізілген мониторинг нәтижесі Абай облысында сайлау учаскелерінде кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне жүйелі және басымдық берілетінін көрсетті.
Мониторинг қорытындысы бойынша аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп учаскелердегі жағдайларды одан әрі жетілдіру және зерделеу барысында анықталған ескертулер шешу бойынша қажетті ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізуде.
Мұндай тәсіл сайлау инфрақұрылымының дауыс беруді өткізуге дайындығын қамтамасыз етуге және сайлаушылардың барлық санаттарының қажеттіліктерін барынша ескеруге мүмкіндік береді.
Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы азаматтардың сайлау процесіне қатысуына қолайлы жағдайларды одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Жүргізілген мониторинг осы жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады және 2026 жылғы 23 тамызда әрбір сайлаушының денсаулық жағдайына және жеке қажеттіліктеріне қарамастан, өзінің сайлау құқығын қолайлы, қауіпсіз және лайықты жағдайда жүзеге асыруына мүмкіндік беруге бағытталған.
Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы