Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы мен «Жас сайлаушылар клубының» мүшелерінің бірлесуімен жастардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және сайлау үдерісіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған отырыс өткізілді.
Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары және белсенді жастар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сайлау жүйесінің даму тарихы, Қазақстандағы электоралдық үдерістер, қоғамдық бақылаудың маңыздылығы және жастардың сайлау процесіндегі рөлі жөнінде жан-жақты ақпарат алды.
Отырыс барысында қатысушылар спикерлермен пікір алмасып, сайлау заңнамасы, азаматтық белсенділік, қоғамдық бақылау және жас сайлаушылардың жауапкершілігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.