2025 жылғы 12 қазанға тағайындалған облыстық бюджет қаражатынан жабылатын Семей қаласы әкіміне кандидаттың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33 бабының 1-1 және 2-1 тармақтарына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Семей қаласы әкіміне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылатын шығыстарының мынадай мөлшері белгіленсін:
- Теледидар мен радио арқылы бағдарлама ұсыну, мерзімді баспа немесе интернет басылымдарда 2 мақала жариялау – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
- Ашық үгіт-насихат іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
- Көлік шығыстары – 100 000 (жүз мың) теңге.
- Осы қаулы Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Осы қаулыны Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
|
Г. Жігітбаева
|
|
Хатшы
|
|
Б. Төкенов
|
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 16 қаулысы