Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Электораттық оқыту 2025 жылғы 26-27 маусым және 9-11 шілде

2025 жылғы 26-27 маусым және 9-11 шілде күндері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты бөлімдерінің меңгерушілері Жаңасемей ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін "Жаңасемей ауданы әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында практикалық семинарлар өткізді.

Семинар барысында сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар сайлау заңнамасы бойынша тестілеуден өтті.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің назары "Барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, заң бұзушылықтарына жол бермеу, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне" аударылды.

Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте шыңдауға мүмкіндік алды.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты бөлімдерінің меңгерушілері қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы