2025 жылғы 27 шілдеге тағайындалған облыстық бюджет қаражатынан жабылатын Жаңасемей ауданы әкіміне кандидаттың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
2025 жылғы 27 шілдеге тағайындалған
облыстық бюджет қаражатынан жабылатын
Жаңасемей ауданы әкіміне кандидаттың
шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33 бабының 1-1 және 2-1 тармақтарына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңасемей ауданы әкіміне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылатын шығыстарының мынадай мөлшері белгіленсін:
- Теледидар мен радио арқылы бағдарлама ұсыну, мерзімді баспа немесе интернет басылымдарда 2 мақала жариялау – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге;
- Ашық үгіт-насихат іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 180 000 (жүз сексен мың) теңге;
- Көлік шығыстары – 100 000 ( жүз мың) теңге.
- Осы қаулы Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы осы қаулыны аудан әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
|
Г. Жігітбаева
|
|
|
|
|
|
Хатшы
|
|
Б. Төкенов
|
2025 жылғы 03 шілдегі № 9
Абай облысының аумақтық
сайлау комиссиясының
қаулысы