Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды тиімді дайындау және өткізу мақсатында "Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында жаңа оқыту технологияларын пайдалана отырып каскадтыәдіспенсеминарөткізді.
Семинарға Абай ауданының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар сайлау заңы бойынша тестілеуден өтті.
Семинар барысында комиссия мүшелерінің назары "Барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметі, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне" аударылды.
Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте шыңдауға мүмкіндік алды.
Семинар қорытындысы бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.