Жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Осыған орай Абай облысының аумақтық сайлау комиссиялары білім беру мекемелері және басқа да ұйымдар мен бірлесіп облыстың барлық аудандары мен қалаларында апталық іс-шаралар өткізуде.
Өткізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты – еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру сонымен қатар болашақ және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын, сайлау мәдениетін қалыптастыру.