
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап облыстың елді мекендерінде аумақтарды жинау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды акциялар ұйымдастырылды. Жалпы, Абай облысы бойынша облыстың 290 мың тұрғыны қатысты. 5941 ұйым және 2656 бірлік техника жұмылдырылды. 33 мың аула, 894 саябақ пен сквер, және 97 ескерткіштің аумағы тазартылды, 1471 шаршы метр төсеніш жөнделді және ауыстырылды. Полигондарға 43 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 89 су қоймасы тазартылып, 6974 метр арық пен 22 субұрқақ тазаланды. Елді мекендердің аумағында 59 326 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды.