Аягөз және Жаңасемей аудандарында 2024 жылғы қыркүйектің 13 күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы республикалық референдумды тиімді дайындау және өткізу мақсатында "Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру " тақырыбында каскадты әдіспен семинар өткізді.
Семинарға аталған аудандарының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар барысында тыңдаушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берілді.