Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Оқыту семинары – Үржар және Мақаншы ауданы 2024 жылғы 25 шілде

Оқыту семинары – Абай облысы 2024 жылғы 25 шілде

2024 жылғы 25 шілде күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Мақаншы және Үржар аудандарында жоспарға сәйкес "Сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру" тақырыбында каскадты әдіспен оқыту семинарын өткізді.

Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гульнар Талғатқызы Жігітбаева семинар алдында Мақаншы және Үржар аудандарындағы сайлау учаскелірінің жабдықталуын және сайлаушылардың тізімдерін қарады, сондай-ақ сайлау процессінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының заңын қатаң сақтау қажеттілігін атап өтті.  

Семинарға аталған аудандардың және облыстың қалалары мен аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары  қатысты.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Аталған семинарда  Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары мен мүшелері баяндама жасап тәжірибе алмасу мақсатында Абай облысының қалалары мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары көп жылғы тәжірибиелерімен бөлісті.

Семинарда берілген теориялық білім, практикалық бөліммен, яғни кейстерді талдаумен жалғасып бекітілді. Барлық қатысушылар тестілеуден өткізілді.

Семинар соңында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері тыңдаушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы