2024 жылғы 17 мамыр күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Ақсуат, Аягөз, Жарма, Мақаншы және Үржар аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының қатысумен жоспарға сәйкес "Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау" тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді.
Семинарға аталған аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар барысында Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, хатшысы және мүшелері, сондай-ақ Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы баяндама жасады.
Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гульнар Жігітбаева барлық деңгейдегі сайлау кампанияларында Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Семинар барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы