Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Оқыту семинары - Семей қаласы 2024 жылғы 3 мамыр

2024 жылғы 3 мамыр күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Семей, Курчатов қалаларының, Абай, Бесқарағай, Бородулиха және Жаңасемей аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының қатысумен жоспарға сәйкес "Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аталған аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар барысында Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, хатшысы және мүшелері, сондай-ақ Курчатов қаласы және Абай ауданы аумақтық сайлау комиссияларының төрағасы және төраға орынбасары баяндама жасады.

Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гульнар Жігітбаева барлық деңгейдегі сайлау кампанияларында Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуының маңыздылығына ерекше тоқталды.

Семинар барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.

 

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы