2024 жылғы 6 наурызда Абай облысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К. В. Петровтың және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. С. Мұстафинаның қатысуымен "Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау" тақырыбында сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинар-кеңесі өтті, оған Абай облысы аумақтық сайлау комиссияның төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы мен мүшелері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша электоралды оқыту жүргізілді. Семинар барысында сайлау күнінің алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар кейстерді талдаумен, практикалық сабақтармен және даулы жағдайларда сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттеріне эксперттік баға берумен аяқталды.
Сонымен қатар, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерінің біліктілік деңгейлерін тексеру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы бойынша тестілеу өткізілді.
Семинар-кеңес өткізу қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы