Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының
орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 31 наурызда Абай облыстың 7 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 22 кандидаттан барлығы 4 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 17 кандидатты тіркеді, 1 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 2,4 астам кандидатты құрайды.
Тіркелген 17 кандидаттың 6 саяси партиялар, 11 өзін-өзі ұсынған. Оның 14 ер адам, 3 әйел адам. Кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.
8 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 9 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 38 жыл.
14 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 12 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 1 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер:
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы