Абай облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы
2024 жылғы 31 наурызда Абай облысында 7 сайлау округтарыңда, Курчатов қаласында, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Жарма және Үржар аудандарыңда болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 22 - кандидат ұсынылды. Оның 6 - і саяси партиялар, 16 - і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 17 – ер адам және 5 – әйел адам.
9 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 13 партияға тиесілдігін көрсетпеген.
Орташа жас - 37 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.
19 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 15 мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда; 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 2 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 2 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 10 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер:
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы