2024 жылғы 29 қаңтарда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің Әлихан Бөкейханов атындағы университет студенттерімен «Сайлау және сайлану Конституциялық құқық» тақырыбындағы кездесу
Барлық елдер 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.
Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын, Еуропа елдерінде сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі басталды.
Бұл күннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын жас сайлаушылар арасында қалыптастыру.
Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, комиссияның қызметі туралы айтып берді. Кездесу барысында студенттердің барлық сұрақтарына жауап берілді.