Абай ауданы әкімінің пилоттық режимде сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4 - тармағына, 22-бабына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданының әкімінің сайлауы бойынша – Абай ауданы шегінде сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі оның шекаралары және Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Абай Елі» аудандық газетінде және Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Т. Ерденбеков
Сайлау
комиссиясының хатшысы Е. Дүйсембеков