Курчатов қаласы әкімінің пилоттық режимде сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4 - тармағына, 22-бабына сәйкес, Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Курчатов қаласының әкімінің сайлауы бойынша – Курчатов қаласы шегінде сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі оның шекаралары және Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Курчатов көкжиегі» қалалық газетінде және Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Мубаряков
Сайлау
комиссиясының хатшысы Н. Жанұзақова