Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Күнтізбелік жоспары

Бекітілді

Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысында

2023 жылғы 29 тамыз № 21

 

2023 жылғы 29 тамызына Семей қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

 Күнтізбелік жоспары

 

1. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының сайлауын тағайындау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 29 тамызынан кешікт

(14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 29 тамызынан кешіктірмей

 (101-б. 6-т.)

 

3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 8 қыркүйегінен  кешіктірмей

(22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 8 қыркүйегінен  кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

2023 жылғы 13 қыркүйегінен  кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 13 қыркүйегінен  кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

30 тамызда басталып, 2023 жылдың 28 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдын бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

30 тамызда басталып, 2023 жылдың 03 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

14. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Тиісті сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін 

(34-б. 6-т.)

 

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Тиісті сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 Қағиданың 23-т

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 3 қазанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

03 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 28 қазанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкімдер

2023 жылғы 08 қазан

 (26-1 б. 1-т.)

 

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 13 қазаннан бастап

(26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 19 қазанға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 19 қазанға дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 26 қазаннан ерте емес және 28 қазанға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

26. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

30. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

31. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 30 қазаннан кешіктірмей

 (108-б. 2-т.)

 

32. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 04 қарашадан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

33. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

34. Сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

(34-б. 4-т.)

 

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына және Сайлау қорының қаражатын жұмсаудың арнайы уақытша шотын ашу қағидаларына сілтемелер беріледі (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 Қаулысы).

 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы