2023 жылдың 29 қазанына № 11, 19 округтер бойынша Семей қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына, 113-бабына сәйкес Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 29 қазанға Семей қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына № 11, 19 округтер бойынша сайлау тағайындалсын;
- Семей қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша күнтізбелік жоспар қосымшаға сәйкес бекітілсін;
- Семей қаласының округтік, учаскелік сайлау комиссиялары № 11, 19 округтер бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін;
- Осы қаулы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде және Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Сайлау комиссиясының
төрағасы З. Токаев
Сайлау комиссиясының
хашысы Г. Жалелова
Семей қаласы
2023 жылғы 29 тамыз
№ 21