Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абай ауданының сайлау учаскелеріне бару

Бір апта ішінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Абай ауданының барлық ауылдық округтерінде болып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті.

Абай ауданының аумағында 9 ауылдық округ және 13 сайлау учаскесі бар. Аудан халқының саны 14 мыңнан асады, оның ішінде 8 247 адам сайлаушылар болып табылады. Аудан аумағында барлығы 25 сайлау комиссиясы, оның ішінде 1 аумақтық, 10 аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі комиссия, 1 аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі комиссия және 13 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Барлық комиссиялардың мүшелері 137 адам болып табылады.

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Абай ауданының әрбір сайлау учаскесінде болып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті.  УСК мүшелері өз жұмыстары туралы айтып, өз ұсыныстарын енгізді, ал облыстық комиссия мүшелері сайлау өткізуге және комиссия мүшелерінің іс-әрекеттеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

Сапар барысында сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеу, психоэмоционалдық тұрақтылыққа тест, сондай-ақ әңгімелесу өткізілді.

Сайлау учаскелеріне барудың басты сәттерінің бірі түгендеу жүргізу болды. Маңдайшалардың, мемлекеттік рәміздердің, дауыс беруге арналған сайлау жәшіктері мен кабиналарының, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлардың болуы мен жай-күйі, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымның деңгейі тексерілді.

         Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесу қорытындысы бойынша 25 тамызда Абай ауданының басшылығымен проблемалық мәселелер талқыланды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Фесенко Абай ауданының әкімі Н. Әбдікәрімовті жүргізілген түгендеу туралы хабардар етті, өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізді.

Абай ауданына барудың қорытындысы сайлау комиссияларының мүшелерімен оқыту семинарын өткізу болды. Семинарда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қатысты заңнамадағы өзгерістер мәселелері талқыланды. Практикалық жұмысқа көп көңіл бөлінді. Сайлау комиссияларының мүшелері топтарға бөлініп, өздерінің функционалдық міндеттері бойынша тапсырмаларды орындады. Семинар "іскерлік ойын" өткізумен аяқталды, оның барысында дауыс беруге арналған үй-жай қайта құрылды, ал іс-шараның әрбір қатысушысына өз рөлі берілді: учаскелік комиссия мүшелері, сайлаушылар мен бақылаушылар болды. Сайлау кезінде болуы мүмкін әртүрлі жағдайлар қарастырылды.

Бұл жұмыс Абай облысының басқа аудандарында да жалғасатын болады.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы