31 шілде мен 2 тамыз аралығында Үржар ауданында Облыстық сайлау комиссиясы қалалар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларымен оқыту семинарын өткізді.
Семинарды облыстың аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Фесенко ашып, қатысушыларды алдағы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің пилоттық сайлауына сайлау инфрақұрылымын дайындаудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау процесінің құқықтық негіздері және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу барысында заңдылықты сақтау, сайлауды ақпараттық сүйемелдеудің негізгі аспектілері, сайлау комиссияларының қоғамдық бірлестіктермен жұмысы, каскадтық электоралдық оқыту әдістері мен форматтары туралы ақпарат дайындады.
Сондай-ақ, сапар барысында жергілікті атқарушы органдармен дөңгелек үстел өтті, онда Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Дәулетханұлы Хамитов ауданның сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру, сайлаушылар тізімімен жұмыс, сондай-ақ ауданның сайлау комиссиялары мүшелерінің құрамы мен кәсібилігі туралы айтты.
Семинар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңын білуге тестілеу өткізумен, сондай-ақ Үржар, Мақаншы және Жарбұлақ ауылдарындағы сайлау учаскелеріне барып, учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен сұхбаттасумен аяқталды.