Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, № 8 округтік сайлау комиссиясының шешімдерімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына келесі кандидаттар тіркелді:
- Асхат Асаинұлы Кулиманов, 1985 жылы туған, жеке кәсіпкер, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Астана қаласында тұрады;
- Рахатқызы Гүлжанат, 1983 жылы туған, "CENTRIUM" орталығының басшысы, Семей қаласында тұрады, "Ақ жол" ҚДП-ның ұсынысы бойынша;
- Сабильянов Нұртай Салихұлы, 1962 жылы туған, "Сарыарқа - Алуан" ЖШС басқарма төрағасы, Астана қаласында тұрады, "Amanat" партиясының ұсынысы бойынша;
- Жанұзақов Асхат Оралұлы, 1967 жылы туған, жеке кәсіпкер, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Семей қаласында тұрады;
- Берік Сәрсенбекұлы Бейсекенов, 1961 жылы туған, «Жалпыұлттық қозғалыс» Халық Конгресі» ҚБ президиумының мүшесі, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
- Қалиев Ерлан Кенжеханұлы, 1962 жылы туған, Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның құқық қорғаушысы, Алматы қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Бакирланов Қуаныш Ғаббасұлы, 1956 жылы туған, зейнеткер, "Азаматтық қоғамды жетілдіру" ҚҚ, Семей қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
- Беков Ғалым Артықбайұлы, 1973 жылы туған, индивидуальный предприниматель, Семей қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.