БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
№ 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мәселелері бойынша Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы 14 ақпанда сағат 12.00-де өтеді
14 ақпан күні сағат 17.00-де Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мәселелері бойынша Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтеді
Өтетін орны: Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай кітапханасының ғимараты. № 17 кабинет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 8 (7222) 56-08-01 телефоны бойынша жүзеге асырылады.