Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абай облысы аумақтық сайтау комиссиясының саяси партиялар филиалдарының өкілдерімен отырысы

2023 жылғы 27 қаңтарда Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясында облыстың саяси партиялары филиалдарының өкілдерін шақыра отырып аумақтық сайлау комиссиясының (әрі қарай – АСК) отырысы өтті.

Отырыста 4 мәселе қаралды:

"Алдағы сайлауды өткізу ерекшеліктері туралы" бірінші мәселе бойынша комиссия төрағасы Н. Фесенко сөз сөйледі. Ол Парламент Мәжілісіне депутаттар аралас сайлау жүйесі бойынша: партиялық тізімдер негізінде және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатынын баяндады. Абай облысы Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша № 8 сайлау округі болып табылады.

Облыстық мәслихатқа барлық депутаттардың жартысы көпшілік жүйе бойынша, жартысы партиялық тізімдер бойынша сайланады. Бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихатқа сайлау бойынша 15 облыстық округтік комиссия құрылды. Бұл комиссиялар үміткерлерді ұсыну жөніндегі құжаттарды қабылдайды. Партиялық тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жүргізеді.

Қалалар мен аудандардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Абай облысы бойынша қалалар мен аудандардың барлығы 128 сайлау округі құрылды, оның 34 – і Семей және Курчатов қалаларында, 94-і облыстың 8 ауданында.

Үміткерлерді ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен бастап, 20 қаңтардан бастап 8 ақпанның сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. Үміткерлерді тіркеу 18 ақпанда сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады - 18 ақпан кешінен және 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады. 18 наурыз - тыныштық күні. 19 наурыз - дауыс беру күні.

"Партиялық тізімдер бойынша ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары туралы" екінші мәселе бойынша комиссия төрағасының орынбасары А. Ерғазин сөз сөйледі.

"Облыстың қалалары мен аудандарында үгіт материалдарын орналастыру туралы" үшінші мәселе бойынша қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси ахуал мониторингі бөлімінің бас маманы                     А. Жүнісов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының негізінде жергілікті атқарушы органдар (әрі қарай – ЖАО) мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үміткерлерге сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беретінін, үй-жайларды беру шарттары бірыңғай және тең болуға тиіс екенін атап өтті. ЖАО тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындайды және оларды стендтермен, тұғырлармен жарақтайды.

"ҚР Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға саяси партиялар мен үміткерлердің қатысуын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері туралы. АСК - ның саяси партиялармен сайлау қорлары және сайлау жарналарын енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы туралы" төртінші мәселе бойынша комиссия мүшесі Д. Қарабаева сөз сөйледі. Ол мәжіліске қатысушыларға бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына үміткерлерге, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін саяси партияларға үміткерлердің заң талаптарына сәйкестігі тіркелгенге дейін және тексерілгеннен кейін сайлау жарнасының қанша сомасын енгізу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ үміткерлер мен саяси партиялардың сайлау қорларының шекті мөлшері мен көздері айтылды. Сайлау қорлары үміткерлердің жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан және республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарынан құрылады.

 

Айта кету керек, Аумақтық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасын түсіндіруге және сайлаушыларды, үміткерлерді және саяси партияларды сайлау науқанының барысы туралы уақтылы хабардар етуге көп көңіл бөледі.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы