
Искаков Сеилбек Абиурович, 1963 жылы 26 мамырда Семей облысы, Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтында «ветеринария» мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия университетінде «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы «Сарықамыс» овцесовхозында ветеринариялық техник қызметінен бастады.
1987 – 1988 жж. Семей облысы Шұбартау ауданы «Сарықамыс» овцесовхозында ферма меңгерушісі.
1988 - 1994 жж. Семей облысы Шұбартау ауданы «Сарықамыс» овцесовхозында қой шаруашылығы бригадасының бригадиры.
1994 - 1995 жж. Семей облысы Шұбартау ауданы «Сарықамыс» овцесовхозында бас ветеринарлық дәрігері .
1995 – 1996 жж. Семей облысы Шұбартау ауданы «Сарықамыс» овцесовхозында бас зоотехнигы.
1996 - 2000 жж. ШҚО Аягөз ауданында Бидайық ауылында «Шағырай» ЖШС басшысы.
2000 - 2002 жж. ШҚО Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің ветеринарлық инспекторы.
2002 ж. ШҚО Аягөз ауданы «Шағырай» ЖШС басшысы.
2003 жылы ШҚО Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
2003 – 2006 жж. ШҚО Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округі әкімі.
2006 – 2010 жж. ШҚО Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімі.
2010 – 2016 жж. ШҚО Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімінің орынбасары.
2016 – 2020 жж. ШҚО Аягөз ауданының мәслихат хатшысы.
2020 - 2023 жж. дейін Абай облысы Аягөз ауданының әкімі.
2023 - 2024 жж. «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы.
2024 жылдың қаңтар айынан осы уақтықа дейін "Абай облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының уақытша міндетін атқарушы.