Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырмасы аясында жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған «Жас ғалымдар шеберханасы» екі апталық оқыту жобасы басталды.
Жоба 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда: ауыл шаруашылығы және тағам қауіпсіздігі, медицина және экология, мемлекеттік басқару, заң және заманауи технологиялар, педагогика және гуманитарлық ғылымдар.
Ашылу рәсіміне ҚР ЖБҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD Нұрбек Серікұлы Пұсырманов қатысып, жас зерттеушілерге сәттілік тіледі.
Жобаның алғашқы күнінде PhD Айсұлу Тұрсынбайқызы Молдабекова «Зерттеу дизайны» тақырыбында дәріс өткізіп, ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың негізгі тәсілдерімен бөлісті.
Алдағы екі аптада қатысушылар менторлар мен сарапшылардан тәжірибе алып, зерттеу әдіснамасы, деректерді талдау, ғылыми жазылым және ғылыми коммуникация бағыттарында білімдерін жетілдіреді.
2026 жылғы 3 қазанда Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Шара «Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығына арналған «20 игі іс» жобасы аясында өтті.
Сенбілікке облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов, жастар ұйымдарының белсенділері, студенттер, волонтерлер және «Самұрық-Қазына» АҚ құрамындағы кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар Семей қаласындағы Затон жағажайының аумағын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Шараға 50-ге жуық жас қатысып, өздерінің би шеберлігін, шығармашылық қабілеті мен командалық үйлесімділігін көрсетті.
Іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар арасында бейбітшілік пен келісім құндылықтарын нығайту, өзара құрмет пен бірлікті дәріптеу бағытында ұйымдастырылды. Өнер мен шығармашылықты ортақ алаңға біріктіру арқылы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, позитивті құндылықтарды насихаттауға басымдық берілді.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі (СФЭК);
🥈 ІІ орын — Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Pulse» командасы;
🥉 ІІІ орын — екі команда арасында бөлінді:
— Семей қаласындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің «Mirror» командасы;
— Шәкәрім университетінің «Blaze» командасы.
Байқау жастарға өз өнерін танытып қана қоймай, достық, өзара түсіністік, бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік берді.
Биыл маусымдық жұмыспен 35 мыңнан астам жас қамтылды. «Жасыл ел» жасақтары елді мекендерді абаттандыруға, экологиялық бастамалар мен қоғамдық маңызы бар жобаларға атсалысты.
Салтанатты жиынға еліміздің барлық өңірінен еңбек жасақтарының өкілдері, мемлекеттік органдар, жастар және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының делегациясы қатысты.
Іс-шарада еңбек маусымының қорытындысы шығарылып, үздік жасақтар мен белсенді жастар марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдары тәжірибе алмасты.
Қатысушылар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына да арнайы барды.
Бағдарлама соңында жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды.
Жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында колледж студенттері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет, әдеп нормалары, жауапкершілік, адалдық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өз ұстанымдарын ортаға салып, нақты дәлелдер мен мысалдар келтірді.
Іс-шара студенттердің сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, дәлелді пікір қалыптастыру және пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталды.
Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.
Атқарылған жұмыстар аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
Түсіндіру жұмыстары: қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру мен оқыту шаралары өткізілді.
Құмар ойындарға қатысуды шектеу: басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысудан өз еріктерімен бас тартулары қамтамасыз етілді.
Мониторинг және алдын алу: мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және қызметкерлердің өткен кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуын тексеру мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы мониторинг жүргізілді.
Ресурстарды жаңарту: басқарманың ресми интернет-ресурсындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміндегі ақпараттар мен нормативтік-құқықтық құжаттар өзектендірілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді насихаттау, жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бейбітшілік пен бірлікті дәріптеу.
Іс-шара аясында шахмат, тоғызқұмалақ және садақ атудан жарыстар ұйымдастырылды.
♟️ Шахмат – 22 қатысушы, 10–17 және 18–35 жас санаттары бойынша.
🥇 10–17 жас — Алязұлы Азамат
🥇 18–35 жас — Картов Аңсаған
🏆 «Үздік стратег» — Бейсебеков Сабыржан
⚫️ Тоғызқұмалақ – 21 қатысушы.
🥇 Ануаров Заңғар
🥈 Қадылбекова Азиза
🥉 Қазыбек Рамазан
🏆 «Үздік тоғызқұмалақшы» — Рахатұлы Ерлан
🏹 Садақ ату – 15-ке жуық қатысушы. Сайыс ерлер мен әйелдер арасында өтті.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, дәлдігін және логикалық ойлау қабілетін көрсетті. Шара отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық спортқа қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Адал азамат – озық ойлы ұлт» жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін дамыту шараларын іске асыру» жобасы аясында жастарға арналған «Медиа контентті сауатты қалыптастыру және ақпараттық мәдениетті дамыту» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.
Кездесу барысында медиа саласындағы заманауи үрдістер, сапалы әрі мазмұнды контент әзірлеу, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру бағыттары талқыланды.
IT саласының халықаралық сарапшысы Асхат Мұқанов «ЖИ арқылы мәтін және цифрлық өнім жасау» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар жасанды интеллектке тиімді промпт құруды, мәтін және инфографика әзірлеуді меңгерді.
Сонымен қатар, vibe coding әдісі арқылы қатысушылар өз мамандықтары мен қызығушылықтарына сәйкес цифрлық қосымшалар жасап, идеяларын нақты өнімге айналдырды.
Үш күн — жаңа білім, жаңа дағды және алғашқы цифрлық өнімдер!
«SKILLUP» жобасының екінші күні жасанды интеллект пен цифрлық мүмкіндіктерге арналды.
Семей қаласындағы Astana Hub филиалының басшысы Әнет Тұрсынжан «AI анимация және деректер визуализациясы» тақырыбында практикалық тренинг өткізді.
🤖 AI көмегімен анимация жасау
📊 деректерді визуализациялау
💡 идеяны цифрлық өнімге айналдыру
🚀 өнімді тиімді таныстыру және сату
Қатысушылар жаңа құралдарды меңгеріп қана қоймай, өз идеяларын нақты цифрлық өнімге айналдыру жолдарын тәжірибе жүзінде үйренді.