«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

                                                                                     

 

«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі

басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

Жалпы ережелер

 

  1. «Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) Абай облысының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік, орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8.
  9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

жастар саясаты  саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу, Басқарманың қарамағына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Басқарманың қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

қарамағында жастар саясаты  мәселелері және Басқарма құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

қызметті стратегиялық, операциялық жоспарларға, сондай-ақ Басқарманың жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру;

өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) міндеттері:

 өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау.

  1. Функциялары:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

2) жастардың өзекті мәселелерін анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында мониторинг жүргізу және олардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз ету;

3) жастарды жұмыспен қамту және еңбекпен қамту саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа орналастыру тәжірибесі мен еңбек нарығына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

4) жастардың волонтерлік қызметі мен жастардың өзін-өзі басқаруының дамуына жәрдемдесу;

5) жастар ресурстық орталықтарын құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;

6) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;

7) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісімді және этносаралық төзімділікті нығайту бойынша шаралар қабылдау;

8) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу;

9)  жастарды дамыту индексін іске асыру бойынша іс-шараларды өткізуін қамтамасыз ету;

10) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

11)  мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлеу және облыс мәслихатының бекітуіне енгізу;

12)  жастар саясаты саласындағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұйымдастырушысы функцияларын жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен Абай облысы аумағында жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;

14) жастар саясаты мәселелері бойынша облыстық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;        

4) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда басқарма мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;

5) бірінші қол қою құқығына ие;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

7) басқарма қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

8) Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
  2. Мемлекеттік органның мүлкі
  3. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
  2. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

1) «Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай жастары» Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Дата публикации
24 июня 2025