Аналитикалық анықтама

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының О.Т.Бейсенбаевтың 2026 жылғы 27 шілдегі №29 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және барынша азайту (жою) тұрғысынан Басқарма қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.                       

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Абай облысы әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың міндеттері:

1) жастар саясаты, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту мәселелері;

2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту мәселелері;

                                                                 

Дата публикации
05 октября 2026