Жарық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналыстың
№ 1 х а т т а м а с ы
Жарық ауылы 08 қаңтар 2024 жыл
Сағ.10.00
Жиналысқа шақырылған жергілікті қоғамдастық мүшелері.
Қатысқандар:
Округ әкімі –РЕсимбеков Ф.А.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
Күн тәртібінде:
1.Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау
1.Бірінші сұрақ бойынша жиналыс мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы Е.Ташеков жиналыс төрағасы ретінде сайланды. Хатшы болып М.Жұматаева тағайындалды.
2.Екінші сұрақ бойынша сөзді жиналыс төрағасы Е.Ташеков алып, сөйлеушілерге регламент бойынша берілген уақытпен және дауыс беру тәртібімен таныстырып кетті.
Тыңдалды:
Округ әкімі Р.Оспанов округ бюджетіне қатысты шешімдеріне өзгеріс еңгізу туралы келесідей баяндама жасады:
Құрметті жиналысқа қатысушылар!!!
Сіздердің назарларыңызға аудандық бюджет комиссиясы мақұлдаған 2024-2026 жылдарға арналған округ бюджетінің жобасын қарауға ұсынамын.
Жарық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 73-1 бабының негізінде, округтің кешенді даму жоспарына сәйкес әзірленеді.
Жарық ауылдық округінің бюджетінің кіріс бөлігі 46550,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, соның ішінде субвенциялар-34665,0 мың теңгені, меншікті кірістер болжамы-8755,0 мың теңгені, нысаналы трасферттер-3130,0 мың теңгені құрады.Сәйкесінше округ бюджетінің шығыс бөлігі – 46550,0 мың теңгені құрады.
2024 жылға округ бюджетіне түскен субвенциялар көлемі-34665 мың теңгені құрап, аппараттың бірінші кезектегі шығындарына, соның ішінде қызметкерлердің жалақы қорына шығындарға қарастырылды.
2024 жылға округтің меншікті кірістерінің болжамы- 8755,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, ғимараттардың кеткен тоқтарына төленетін болды.
2024 жылға округтің меншікті кірістерінің болжамы- 8755,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, соның ішінде:
-БСК 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық»-120,0 мың теңге;
-БСК 104302 «Жер салығы» -218,0 мың теңге;
-БСК 104402 «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық» 2436,0 мың теңге;
-БСК 105315 Жерді пайдаланғаны үшін төлем-5600,0 мың теңге;
Ағымдағы айда болатын мәслихат отырысында:
Меншікті кірістер көлемі округтің ағымдық шығындарын қаржыландыруға және кейбір жергілікті жобаларды жүзеге асыруға жоспарланады.Соның ішінде:
Аппараттың кезекті шығындарына, соның ішінде жанар-жағармай материалдарын сатып алуға, коммуналдық және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге, қызметкерлердің іс-сапар шығыстарына т.б.шығындарға қарастырылды.
Е.Ташеков: Округ бюджетін осы көлемде бекітуге келісімімді беремін.Барлық қажеттіліктер ескерілді деп есептеймін, соның ішінде орталық көшенің жолына қаражаттың қарастырылғаны қуантады.
Жиналыстың қорытындысы бойынша келесідей
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1.Округ әкімінің ұсынысына сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде 2024-2026 жылдарға арналған округ бюджеті, соның ішінде 2024 жылға 46550,0 мың теңге көлемінде бекітілсін.
2.Округ әкімі бөлінген қаражаттың уақытылы және мақсатты пайдаланылуы жөнінде тиісті шаралар қабылдансын.
Жиналыс төрағасы Е.Ташеков
Жиналыс хатшысы М.Жұматаева