Сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық- бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде –бір мемлекеті, бірде- бір саяси жүйе, бірде –бір саяси тәртіп қорғалған емес. Десе де, жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екені анық.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің басты саясаты болып қалыптасқаны да белгілі. ТМД елдерінің арасында алғашқы болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданып, арнайы орган құрылды.
Өкінішке орай, соған қарамастан сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі таңда күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі болып отырғаны бәрімізді қымжылтып отырғаныда анық.
Тегі мемлекеттің күші, қоғамның қолдауынсыз жеңіске жетуі екіталай. Бұл жерде әсіресе азаматтық қоғам шешуі роль атқарады. Сондықтан, мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күрескенде ғана бір нәтижеге қол жеткізуге болады. «Сыбайлас жемқорлық»- жәй ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттың қауіпсіздігіне қауып төндіреді. Ал қоғам дегеніміз- сіз бен біз, яғни біздің, заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген бір-біріміздің қарым-қатынасымыз.
Біз әділетсіздікті көргенде мемлекетті кінәләп, өз ренішімізді білдіреміз, алайда сыбайлас жемқорлықпен күресуге келгенде, көрсекте көрмеген болып, төзімділік танытамыз. Ал, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін, әрбір азамат ат салысып, өзіндік үлесін қосса яғни азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа деген көз қарасын өзгертпегейінше, нәтижеге жету мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықпен күресу-қоғамның және әр азаматтың ісі екенін, әр қазақстандық, әр отбасы түсінуі керек.
Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Ұрпағыңа асыл мұра ретінде-арсыздықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, балаға жастайынан қалыптастыру қажет. Егер баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік –қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитет қалыптасып саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады деп ойлаймын. Осы аталған мәселелерді іске барлығын жүзеге асыра алсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаты қалыптасатынына сенім мол.
Округ әкімі Ө.Шәріпбек