Ауылдық округтің экономикалық мамандануының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауданда 54 шаруа қожалығы,
2 асыл тұқымды серіктестік, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі,
2 мал сою пункті жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 113385 гектардан астам жерді құрайды,
оның 111220,5 гектары жайылым, 2164,5 гектары шабындық.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі үлес етті мал шаруашылығына тиесілі.
01.01.2024 жылы ірі қара мал саны 3733 бас, қой-ешкі 25836 бас, жылқы 5843 бас болды.
Алынған өнімнің сапасын арттыру, ауыл шаруашылығы малдарының санын көбейту жұмыстары жүргізілуде.