Демалыс инфрақұрылымы жақсы дамыған. Жастар үйінде жастарға арналған барлық мерекелік дискотека шаралары өткізіледі.
Аудан аумағында кітапхана бар. Кітап қоры 7461 дана: қазақ тілінде – 6791, орыс тілінде – 670 дана.
Жыл сайын ауылдық округ әкімінің басшылығымен мәдени-көпшілік шаралар: Жаңа жылдық мерекелер,
Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт, «Армысың, Әз Наурыз» мерекелік концерті,
Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт, Балаларды қорғау күніне арналған сурет байқауы, Қарттар күні, Республика күні және т.б.