Мен, Шәріпбек Өмірбек Кәкенұлы 1990 жылдың 11 маусымында Аягөз қаласында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым қазақ. Дүниеге келгеннен бастап Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Үшбиік ауылында тұрамын. 2008-2012 жылдары Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша білім алдым. Әскер қатарында болмағанмын. Жарма аудандық қорғаныс бөлімінде әскери есепте тұрмын.
03.09.2012-13.09.2013 - Өндіріс тобының бас маманы, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі «Еңбек-Өскемен» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының №110 филиалы. ШҚО, Жарма ауданы Шуақ ауылы
09.12.2013-01.09.2015 – Электрик, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ Жарма ауданы,Үшбиік ауылы.
01.10.2015-26.11.2015- Жетекші маманның міндетін атқарушы,
«ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі
ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылы
26.11.2015-01.10.2016-Жетекші маман, «ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі. ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылы
01.10.2016-13.11.2020- Бас маман, «ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылы
16.11.2020 жылдан Үшбиік ауылдық округі әкімі қызметін атқарамын.