Сыбайлас жемқорлық – өркениеттің ілгерілеуіне кедергі келтіретін, қоғамның сенімін шайқалтып, әлеуметтік теңсіздікті арттыратын көпқырлы құбылыс. Жемқорлықпен күрес – мемлекеттің ғана емес, азаматтық қоғамның да күн тәртібіндегі басты мәселесі болуы тиіс. Бірақ жемқорлықтың алдын алу тек жазалаумен шектелмейді. Бұл – алдын алу мәдениетін, адалдық пен әділеттілікті насихаттау арқылы шешілетін ұзақ жол.
Көп жағдайда жемқорлықтың көзі ретінде жүйелік мәселелер көрсетіледі: бақылау механизмдерінің жетілмегендігі, лауазымды тұлғалардың әрекеттерінің ашықтығының жоқтығы, әділ заңдардың қолданылмауы. Бірақ, бұл мәселе тек жүйемен шектелмейді. Ол адамның ішкі құндылықтар жүйесіне де байланысты.
Қоғамның санасы жемқорлықты тұрмыстық деңгейде қалыпты деп қабылдаған кезде, жемқорлықпен күрес шаралары нәтижесіз болады. Сондықтан мәселенің түп-тамыры – адамдардың санасы мен құндылықтарын өзгерту қажеттігінде.
Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін көптеген тәсілдер қолданылады. Дегенмен, инновациялық және шығармашылық көзқарассыз бұл күрес біржақты болмақ.
Мәдени құндылықтарды жаңғырту
Жастарды адалдық пен әділеттілікке тәрбиелеу әр отбасынан басталуы керек. Қоғамның әрбір мүшесі өз іс-әрекетінде шыншылдық пен жауапкершілікті ұстанса, жемқорлыққа деген төзімсіздік қалыптасады. Мектептерде «Адал азамат» бағдарламаларын енгізу, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға болады.
Технология – сенім құралы
Жемқорлық көбіне адами факторға байланысты. Сондықтан, бұл процесті автоматтандыру арқылы көптеген мәселелердің алдын алуға болады. Мысалы, жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру. Ол тексерістердің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, сыбайластыққа жол бермейді.
«Мысалмен тәрбиелеу» қағидаты
Тарихта және қазіргі заманғы өмірде адалдық пен әділеттілік танытқан тұлғалардың тәжірибесі көп. Осындай кейіпкерлердің мысалдарын қоғамға белсенді түрде таныту керек. Олар ұрпаққа үлгі бола алады.
Креативті коммуникация
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқандары формалды емес, интерактивті және қызықты болуы тиіс. Әлеуметтік желілерде заманауи форматтағы видеороликтер, мемдер, танымал тұлғалардың үндеулері арқылы жастарға жақын тәсілдермен ақпарат жеткізу керек.
Азаматтық белсенділікті қолдау
Әрбір азамат мемлекеттік басқару мен қоғамдық бақылауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Ашықтық тек ақпарат берумен шектелмейді, сонымен қатар адамдардың өз пікірін білдіру және шешімдерге әсер ету құқығын қамтамасыз етуді білдіреді.
Әділетті, тең құқылы қоғам құру үшін тек жазалау емес, адамдардың өз тағдырына деген көзқарасын өзгерту керек. Әрбір адам адалдық – қоғамның болашағына қосқан үлесім деп түсінгенде ғана, біз шынайы нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – бұл арман емес, оған жетудің нақты қадамдары бар. Ол үшін бізге жаңашылдық, жауапкершілік және ортақ мүддеге негізделген ынтымақтастық қажет. Қоғамның әр мүшесі осы күрестің маңызды бөлігі екенін сезінсе, әділеттілік салтанат құратын күн алыс емес.
2024 жылдың 22 мамыры күні Жарма ауданы Қалбатау ауылында терроризмге қарсы оқу - жаттығу шаралары өткізілуде.
Оқу – жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.
Жарма ауданының терроризмге қарсы жедел штабы.
ХАТТАМА № 1
Шалабай ауылы 04.04. 2024 ж.
сағат 11.00
Жиналыс төрайымы: Ж.С. Есембаева
Хатшысы: К. Слямгалиева
Қатысқандар 38 адам
Жиынға қатысқандар: Шалабай ауылдық округінің әкімі Есембаева Жанар Сакеновна., «DTJ Service» ЖШС директордың өндіріс бойынша орынбасары Борбасов Даурен Нурсаинович., Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет инспекторы А.Т. Белялов., Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің аға лейтенанты Н. Оралбек., Жарма аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.М. Жамбусинов және ауыл тұрғындары.
Күн тәртібі:
Жиналыс төрайымы Есембаева Жанар Сакеновна:
Құрметті ауыл тұрғындары! Бүгінгі көктемнің ең басты қаралатын мәселе ст. Шар- Саржал-Шалабай 1-62 км учаскесінде қалыптасқан малдың темір жолға шығу жағдайларын болдырмауды қадағалау ережесін түсіндіру.
Сөз кезегі DTJ Service» ЖШС директордың өндіріс бойынша орынбасары Борбасов Даурен Нурсаиновичке беріледі.
Борбасов Даурен Нурсаинович:
Былтырғы жылмен салыстыра келсек биыл пойыздың күрт тоқтауы азайып келеді. Бұл округ әкімі және ауыл тұрғындарының сонымен қатар шаруа қожалықтардың келісе отырып жұмыс жасап жатқаны көрініп тұр. Қазіргі уақытта көктем мезгілі сондықтан ауылшаруашылық малдарды қараусыз жібермеулеріңізді сұраймын. Қараусыз қалған жануарлар теміржол жолына шығып пойыз дөңгелектерінің астына түсу қатері болу мүмкін. Нәтижесінде соққылар мен жылжымалы құрамның зақымдануына, пойыздардың кешігуіне әкеледі. Ең бастысы, жолаушылардың өміріне және пойыздардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнеді. Бұл дегеніміз қосымша шығындарға әкеп соқтырады. Барлықтарыныз білесіздер жолаушылар тасымалдаушы Тальго пойызы жылдам болғандықтан қараусыз малдармен соқтығысқан кезде адамдар өміріне үлкен қауіп төндіреді. Ауыл тұрғындарынан сұрайтынымыз малдарыңызды жіті қадағаласаңыздар. Біз өз тарапымыздан комиссия болып өзімізге тиесілі аумақтарды қарап құлап қалған діңгектерді және үзіліп қалған сымдарды ретке келтіреміз.
Ауыл тұрғыны Б.Н.Асыкпаев
ст. Шалабай маңайына көктемнің алғашқы айында және қазан, қараша айында мал қараусыз жүру мүмкін сол уақыттарға бізге айналама жолшы (объездчик) қажет егер мал темір жол маңайына барған жағдайда малды айыппұл тұрағына қамап мал иесіне айппұл салынса сол кезде ешқайдандай қауіпті жағдай болмайды деп ойлаймын.
Борбасов Даурен Нурсаинович:
Бізде қазіргі уақытта айналмалы жолшы жоқ. Бірақ жуық арада ол мәселені шешуге тырысамын.
Жиналыс төрайымы Есембаева Жанар Сакеновна:
Жалпы айта кетсем біздің ауыл тұрғындарының малдары қараусыз жүрмейді ауылда бір табын бар соған қосады. Сонымен қатар төрт табын жайлауға кетеді. Ал жылқы малына келсек ауыл тұрғындарының жылқыларын бағатын арнайы жылқышы алдық, жер берілді сол жерге бағады.
Есембаева Жанар Сакеновна: Барлықтарыңыз айтып жатқан шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз ескерілді. Осыған орай қараусыз мал жүрмеу керек. Міндетті түрде ұйымдастырылған табынға қосыныздар. Теміржол бойына шыққан малдардың иесіне айыппұл міндетті түрде салынады. Ауылда екі мал тұрағы бар соған темір жол бойында жүрген малдарды қамап, айппұл салынатын болады. «DTJ Service» ЖШС- не сіздер тұрғындардың ұсыныстары бойынша айналмалы жолшы беруіңізді және бүлініп жатқан қоршауларды қалпына келтіріп мал темір жолға шығу қауіпі бар жерлерге қоршау орнатуларыңызды сұраймын.
Жиналыс шешімі:
Жиналыс төрайымы Ж. С. Есембаева
Хатшысы К. Слямгалиева
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!
Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі.
Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.
Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.
Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Айт қабыл болсын, ағайын!
Хабарландыру
"Қаратөбе алтын" ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Карантин енгізілген жағдайда тыңдаулар ZOOM платформасында бейнеконференция арқылы онлайн режимінде өткізілетін болады.
Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
Zoom конференциясына қосылыңыз
https://us05web.zoom.us/j/86414499033?pwd=PT1wv8XkvslT4fvf4oeleRfak7MET0.1
Конференция идентификаторы: 864 1449 9033 кіру коды: FG8Nrj
"ШАЛАБАЙ" ЖСШ-нің басшысы Ибрагииов О.И қолдауымен ауыл ішіндегі негізгі көшелері қардан тазаланды. Олжас Илдусовичке алғысымызды білдіреміз