Шалабай ауылдық округінде ұлттық халық санағы белсенді жүргізілуде
2025 жылғы 1 тамыздан бастап 20 қазанға дейін елімізде кезекті ұлттық халық санағы өткізіліп жатыр. Бұл маңызды науқанға Шалабай ауылдық округі де белсенді қатысуда.
Бүгінгі күнге дейін округ аумағындағы жеке кәсіпкерлер (ИП), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ТОО), сондай-ақ қожалықтар (КХ) толықтай санақтан өтті. Бұл – жергілікті тұрғындар мен ұйымдардың белсенділігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Алайда ұлттық санақ тек кәсіпкерлік нысандармен шектелмейді. Оның басты мақсаты – халықты толық қамту. Сондықтан 20 қазанға дейін округ тұрғындарының барлығы санақтан өтуі тиіс.
Ұлттық халық санағы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Жиналған мәліметтер болашақтағы мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға, инфрақұрылымды жетілдіруге және халықтың қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Шалабай ауылдық округі әкімдігі барлық тұрғындарды санақтан уақытылы өтуге шақырады. Бұл – әр азаматтың ел дамуына қосқан үлесі.