Шалабай ауылдық округінде көктемгі профилактикалық іс-шаралар толық орындалды
Шалабай ауылдық округінде көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес 100 пайызға орындалды. Науқан аясында 315 құлын чиптеліп, тіркеуге алынды. Сонымен қатар, төлдеген барлық малдарға сырға салу жұмыстары толығымен жүргізілді.
Аталған шаралар ауыл шаруашылығы жануарларының арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, есепке алу және бақылау жұмыстарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылды. Мал иелері ветеринар мамандарына белсенді қолдау көрсетіп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына үлес қосты.
Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар жалғасын табатын болады.