Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобаларының арқасында қаражат үнемделіп, жүйедегі ашықтық қамтамасыз етілді
Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері үшін бейнежетондарды пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қазірдің өзінде олар 3 мыңнан астам сапар кезінде пайдаланылды. Нәтижесінде медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасында жанжалдар саны азайды. Сондай-ақ Yandex Qazaqstan-мен бірлесіп, Астана тұрғындарына жедел жәрдемнің нақты уақыттағы орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Бұл қайталанатын қоңыраулардың санын 40%-ға дейін азайтты. Ол жайлы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сонымен қатар Apple-мен уағдаластықтардың арқасында Қазақстанда есту қабілеттері бұзылғандарға, апноэ эпизодтарын бақылауды қоса алғанда, денсаулық мониторингі функциялары қолжетімді болды. Бұл өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңейтеді және проблемаларды ерте анықтауға көмектеседі. Дәрі-дәрмектерді таңбалап, оларды науқастарға беру бағытында да біршама оң өзгеріс бар.