2025 жылдың 3 мамыры күні Қаратөбе ауылдық округіндегі Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебінде армрестлингтен (қол күресі) ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ 2007–2009 жылы туған жасөспірімдер мен 2010 жылы туған және одан кіші жас санаттарындағы балалар арасында Абай облысының чемпионаты өтті.
Аталған спорттық іс-шараға өңірдің түрлі округтерінен келген спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынады. Қатысушылар түрлі жас ерекшеліктері бойынша жүлделі орындарға ие болып, медальдар, мадақтамалармен марапатталды.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Жарма аудандық мәслихатының депутаты Дастанов Қуат Қабиденұлы, Абай облысының Армрестлинг федерациясының басшысы Сағатаев Төлеген Ғазезұлы, округ әкімшілігі,
Д. Қалматайұлы атындағы орта мектебінің ұжымы және ауыл жастары қолдау көрсетті.
Ұйымдастырушы – Нургалиев Аслан Жұмағазыұлы.
Бұл чемпионат – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық рухты арттыру мақсатында өткізілді.
Қаратөбе округіне қарасты Қентарлау ауылында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш маңын тазалап, қоршауларды сырлап, көркейтуге белсене атсалысуда.
Бұл игі шара – ауылдың көркін келтіріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бір көрінісі. Қатар жүрген ісіміз берекелі, ел игілігіне жарасын!
Абай облысы білім басқармасының 2024 жылғы 20 ақпандағы №1168 хаты негізінде Қаратөбе ауылдық округі мектептерінде сейсмикалық жаттығулар өткізілді. 23 ақпан күні округ мектептерінде кезекті төтенше жағдайлар және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік оқу-жаттығулары кезінде оқушылар мен мектептер ұжымы дабыл бойынша шұғыл түрде мектеп ғимараттарын босатты. Оқу-жаттығулар барысында арнайы құтқару топтары құрылды.
Қаратөбе ауылдық округінде "Жарма Су" ЖШС қар тазалау техникасы келіп, іргелес елді мекендер мен ауылдық округтің әлеуметтік нысандарын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.